10-12 мамырда Ақмола облысында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XIV еңбек маусымының республикалық ашылуы өтті

10-12 мамырда Ақмола облысында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XIV еңбек маусымының республикалық ашылуы өттi.

Iс-шара жастар арасында патриотизмдi, өз жерiне, ауылына, қаласына деген сүйiспеншiлiк идеологиясы мен жастардың әлеуметтiк пайдалы жұмысқа деген оң көзқарасын қалыптастыру және нығайту үшiн жастарды бiрiктiруге бағытталған.

Iс-шараға қатысқандар:

ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Жастар саясаты департаментiнiң директоры Асхат Оралов,

ҚР Қаржы министрлiгiнiң «Қаржы академиясы» АҚ тәрбие жұмысы жөнiндегi проректор Бақыт Сыздықова,

Ұлттық Дельфий комитетiнiң директоры Құралай Туспекова,

«Жас Отан» ЖҚ хатшылығының басшысы Кәрiбек Дәулет,

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасының басшысы Тимур Ысқақов,

Қазақстан жастары конгресiнiң басшысы Тоқтар Болысов,

«Қазақстан студенттер альянсы» республикалық студенттiк қозғалысының президентi Iлияс Түстiкбаев,

«Бiрыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспiрiмдер ұйымы» РҚБ төрайымы Сәдуақасова Динара.

Сонымен қатар, мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың, жастар ұйымдарының өкiлдерi, «Жасыл ел» облыстық және қалалық штабтарының басшылары мен менеджерлерi, жастар еңбек жасақтарының сарбаздары қатысты.

Үш күндiк слет аясында республиканың барлық аймақтарынан «Жасыл ел» командасының үздiк өкiлдерi республикалық деңгейдегi жастармен жұмыс жөнiндегi жетекшi сарапшылардың және жастар саясатының жетекшiлерiнiң түрлi семинар-тренингтерi мен мастер-класстарына, диалог алаңына қатысты. Қатысушыларға «Жасыл ел» ЖЕЖ-ның жаңа жобалары ұсынылып, экология мәдениетiн насихаттаудың жаңа тетiктерi талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылардың бос уақытын тиiмдi өткiзу үшiн ойын-сауық интеллектуалды ойындар, тимбилдинг кештерi, спорттық және т.б. iс-шаралар ұйымдастырылды.

Iс-шара соңында маусымның салтанатты ашылу рәсiмi және ағаш отырғызу бойынша «Жасыл Ел сыйы» акциясы өткiзiлдi.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының «Жасыл» қозғалысы 2005 жылы Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Қозғалыс көптеген жiгерлi және қамқор жас қазақстандықтарды бiрiктiрдi, соның арқасында республиканың барлық өңiрлерiнде «Жасыл ел» штабтары жұмыс iстейдi, ал еңбек маусымының республикалық ашылуы — еңбек жасақтарының жұмысын бастау үшiн айрықша ресми старт ретiнде есептелетiн, жыл сайынғы дәстүрлi iс-шара болып табылады.

   

15.05.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 459