12 маусым күні «Достар» МС-нда Ақмола облысының жұмыскер жастар форумы өтті

Форум жұмысына Ақмола облысының Кәсiподақ орталығының өкiлдерi, Ақмола облысының қалалары мен аудандарының iрi, шағын қала құраушы кәсiпорындарының және өндiрiстiң түрлi салалары мен қызмет салаларының 400-ге жуық жұмыскер жастар өкiлдерi, жас мемлекеттiк қызметшiлер, ЖОО-ның және ТжКББ ұйымдарының түлектерi қатысты.

Iс-шараның мақсаты — жастардың өмiр жолын таңдауда мүмкiндiктерiн кеңейту, жастардың әлеуметтiк, мәдени және физикалық дамуына ықпал ету, олардың ұсынған бағдарламалары мен жобаларын қолдау, кәсiподақ қозғалысын дамыту мүддесiнде жастардың әлеуетiн iске асыру, кәсiподақ активтерiн жасарту және жастарды кәсiптiк одақтар қатарына тарту болып табылады.

Форумның ашылуында Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Айна Ермекқызы Мысырәлiмова сөз сөйледi. Ол өз сөзiнде жастарымыздың жоғары әлеуетiн атап өтiп, Ақмола облысында мемлекеттiк жастар саясатын тиiмдi iске асыру туралы айтты.

Форумға Қазақстан Республикасының Кәсiподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Тiнiкеев Мұхтар Бәкiрұлы қатысты.

Облыстың мекемелерi мен кәсiпорындарындағы кәсiподақтарының өкiлдерi, жас оқытушылар, дәрiгерлер мен қызметкерлер өз пiкiрлерiмен және ұсыныстарымен бөлiстi.

Iс-шара барысында жастарға және жоғары мен орта оқу орындарының түлектерiне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесi өткiзiлдi.

Форумның қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары әзiрленетiн болады.

12.06.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 191