2018 жылы 29-30 сәуір аралығында Көкшетау қаласында «Астана – ұлы дала елордасы» Астананың 20-жылдығына орайластырылған IV дәстүрлі республикалық «Үш би» пікірсайыс турнирі өтті

2018 жылы 29-30 сәуiр аралығында Көкшетау қаласында «Астана — ұлы дала елордасы» Астананың 20-жылдығына орайластырылған IV дәстүрлi республикалық «Үш би» пiкiрсайыс турнирi өттi.

Iс-шараның ұйымдастырушылары — Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы және «Ақмола пiкiрсайыс лигасы» ЖҚБ. Iс-шараға Астана, Қостанай, Қарағанды, Орал, Ақтөбе қалаларынан және Қазақстанның басқа қалаларынан 48 команда қатысты. Адамдардың жалпы саны жүзден асты.

Қазақстанның студенттерi мен оқушыларын бағалауға және оқытуға Эстония Республикасының сарапшысы Тимофей Петухов арнайы шақырылды. Тимофей Петухов екi күн бойы турнир қатысушыларының бiлiктiлiгiн арттыру үшiн кеңес берiп, екi сағаттық шеберлiк сыныбын өткiздi.

29 сәуiр күнi iрiктеу ойындары өткiзiлдi, 30 сәуiр күнi ақтық ойындар және турнирдiң жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн марапаттау рәсiмi мен жабылу салтанаты өттi.

Пiкiрсайыс турнирi қазақ және орыс тiлдерiнде Халықаралық Британдық Парламенттiк форматы бойынша өттi.

Командалар турнирдiң бес iрiктеу кезеңiнен өттi. Турнир жеңiмпаздарының атағы үшiн сайысқан 8 команда ойындардың ақтық кезеңiне өттi.

Турнирдiң жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн марапаттау рәсiмi мен жабылу салтанаты Көкшетау қаласының №2 орта мектебiнде өттi.

Турнирдiң қорытындысы бойынша бiрiншi орынды Астана қаласының «Искусство войны» командасы және Сәтпаев қаласының «Мистер и Миссис Смит» командасы иелендi. Екiншi орынға Астана қаласының «S.P.Q.R» командасы және Қарағанды қаласының «Тагил» командасы ие болды. Үшiншi орынды Астана қаласының «Негев» командасы және Қарағанды мен Қостанай қалаларының микс-командасы алды.

Үздiк спикерлердiң атағын Астана қаласының студенттерi Дина Өскембекова мен Қауымбай Рүстем алды.

Турнирдiң үздiк төрешiлерi Дидар Қадыров (Астана қ.) және Тұрсын Нұрхан (Көкшетау қ.) болды.

Жеңiмпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

   

02.05.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 184