Послание Президента РК  

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiне барды

26 желтоқсанда облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiне барды.

Сапар барысында ғалымдар өңiр басшысына оқу орнының бiлiм беру және ғылыми жетiстiктер орталықтарын, инновациялық жобалар, лингвистика және факультеттердiң көрме экпозияларын көрсеттi.

Қазiргi уақытта университет жаңа үлгiдегi бiлiктi ғылыми-педагогикалық әлеуетi, жақсы материалдық-техникалық базасы бар және бакалавриаттың 24 мамандығы, магистратураның 13 мамандығы және PhD-докторантурасының 2 мамандығы бойынша мамандарды даярлауда заманауи инновациялық технологияларды қолдануға бағдарланған жоғары оқу орны болып табылады.

Оқу орнында жаңа түрлендiру зертханалары бар, ал ғылыми және тәжiрибелiк әзiрлемелер «ЗеленСтрой» ЖШС, «КокшетауМинводы» ЖШС, «Тыныс» АҚ және т.б.осындай өндiрiстiк кәсiпорындарында сыналады.

Сапар аясында облыс әкiмi профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы жылға арналған негiзгi мiндеттер мен жоспарлар туралы толық ақпараты бар ашық дәрiс оқыды. Бұл — инвестицияларды тарту, аграрлық саланы, агроөнеркәсiп секторын, туристiк кластердi және әлеуметтiк саланы дамыту, жаңа жобалар мен технологияларды енгiзу.

Дәрiстен кейiн облыс әкiмi тұрғын үй құрлысына, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытуға, жергiлiктi бюджеттен бiлiм беру гранттарына қатысты кездесудiң қатысушыларын толғандырған сұрақтарына жауап бердi. Мұнда Мәлiк Мырзалин ҚХР мен студенттермен алмасуға қол жеткiзiлген уағдаластықтар туралы хабарлады. Сондай-ақ, 2018 жылдың қаңтар айының басында Ақмола жастарының Қытайдың университеттерiнде оқыту шарттарын егжей-тегжейлi талқылау басталатынын атап өттi.

Кездесу соңында өңiр басшысы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң үздiк студенттерiне Ақмола облысы әкiмiнiң атаулы шәкiртақысын алуға арналған сертификаттар табыстады.

   

27.12.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 112