Послание Президента РК  

Ақмолалық еріктілер «EXPO-2017» көрмесінде облысты жоғарғы деңгейде көрсетті

29 маусым мен 4 тамыз аралығында Ақмола облысының 105 ерiктiсi Халықаралық мамандырылған «EXPO-2017» көрмесiн ұйымдастыруға қатысу мүмкiндiгiне ие болды.

Iс-шара барысында бiздiң ерiктiлер жұмыста да, «EXPO»қабырғаларында өткiзiлген әр түрлi сайыстарда да үздiк нәтиже көрсеттi.

Ерiктiлер өздерiнiң шығармашылық нөмiрлерiмен ерекше көзге түскен «Шiлде маусымының ерiктiлерiн қабылдау» iс-шарасында ең алғашқы оң әсерлерiн қалдырды және де ол аймақ арасында үздiк болып танылған.

Бiр ай iшiнде ақмолалық ерiктiлер «Ән күнi» байқауында да белсендi қатысып әдiл қазылардың жүрегiн баураған авторлық бейнебаян түсiрiп 1 орынға ие болды.

Елiмiздiң 6 аймақтарынан 6 жұп қатысқан «MissandMister»Astana EXPO-2017» байқауы барысында бiздiң жастар өздiрiнiң шығармашылықтары мен әсерлiктерiмен қазылар алқасын елiктiрдi. Сұлтанғазы Талғатов мен Айдана Рахметулина жұбы «Ең жiгерлi жұп» номинациясын алса, Құрманбек Әдiлет пен Күлшара Мұстафина жұбы «Ең өзiндiк жұп» номинациясын иелендi.

Одан басқа, бiздiң ерiктiлер өңiрлiк ерiктiлер арасындағы спорттық жарыстарда да жақсы нәтижелер көрсеттi. Ақмола облысының волейболдан әйелдер құрамасы Маңғыстау мен Ақтөбе командаларын жеңiп финалға жолдама алды және Алматы құрамасын 2:0 есебiмен ұтып, бiздiң өңiрдiң жинақ сандықшасына жеңiс әкелдi. Спортакиада қорытындылары бойынша Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстiк Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан және Астана қ. сияқты аймақтар арасындағы жалпыкомандалық есепте бiздiң облыс сыйлы 3 орынға ие болды.

Шiлделiк маусым тағы бiр жеңiспен аяқталды. Бiздiң «Волонтёлки» әйелдер жайдарман құрама командасы өздерiнiң жасампаздылықтары мен актерлiк шеберлiктерiмен ерекшеленiп жеңiстiк 1 орынды иелендi.

28 шiлде күнi Халықаралық мамандырылған «ЕХРО-2017» көрмесiнiң ең үздiк ерiктiлерiн марапаттау мен жабылу салтанаты өткiзiлдi. Шiлде маусымы кезiнде бiздiң ерiктiлер жұмыста өздерiн белсендi көрсеттi, нәтижесiнде Дархан Iзбасаров,Эмиль Нұрқашев, Құрманбек Әдiлет, Юлия Крицкая «Апта ерiктiлерi» атағының иегерлерi болды.

Өзiнiң сүйкiмдi күлiмсiреуiмен және бiлiмнiң үлкен жүгiмен келушiлердiң жүректерiн жаулап «Ай ерiктiсi» атағын А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң 20 жастағы судентi Нұрбек Балгүл жеңiп алды.

Жалпы бiр ай бiздiң ерiктiлерiмiз үшiн қанықты және жемiстi өттi. Осы кезең iшiнде жастар көптеген оң әсерге ие болды, басқа өңiрлерден келген ерiктiлермен және шетелдiк қонақтармен де таныса алды. «Мен ерiктi болу мүмкiндiгi берiлгенiне ризамын. ЭКСПО маған көп эмоциялар бердi, менiң жүрегiмнiң бөлiгiн өздерiмен алып кеткен адамдармен таныстырды. Рахмет ЭКСПО!»-деп, өз әсерiмен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң студентi Әмiрхан Бекбергенов бөлiстi.

«Бұл ай мен үшiн осы жылғы ғана емес, өмiрiмдегi ең үздiк ай болды — деп атап өттi ерiктi Айдана Рахметулина. — Мен өзгердiм бе? Толығымен өзгердiм. Қорқыныштарымды жеңдiм, батылырақ болдым. Менi не қызықтыратынын, мен немен айналысқым келетiнiн түсiндiм. Оқуға және одан әрi дамуға деген ынта пайда болды. Өте қызықты адамдармен таныстым. Ал ең маңыздысы мен өз халқыма пайдалы болдым. Саған алғыс бiлдiрiп, барлық жақсылықты тiлеген кез -баға жетпес кез.

105 ерiктiлердiң iшiнен 22-сi екiншi маусымда (тамыз)жұмыс iстеуге қалғандары мен 2 ерiктiнi павильондарға жұмысқа шақырғандарын атап өткен жөн.

Ерiктiлер өздерiнiң ерiктiлiк қызметтерiн тоқтататын ниетте емес және облысқа оралған кезде ерiктiлiк қозғалысты әрi қарай дамытатын жастар қоғамдық бiрлестiгiн тiркеудi жоспарлап отырғандарын атап өту керек.

07.08.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 478