Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!

4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi күнiн мерекелеу шеңберiнде өскелең ұрпақтың мемлекеттiк рәмiздерге, жоғары азаматтық пен патриотизмге деген құрмет сезiмiн қалыптастыруға бағытталған бiрқатар жастар iс-шаралары ұйымдастырылды.

Iс-шара барысында мемлекеттiлiктi нығайтуға және қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

Оқуда да, қоғамдық өмiрде де белсендiлiгiмен және табыстылығымен ерекшеленген оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылдады.

Сонымен қатар, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары маусымының ашылуы өттi.

Көкшетау көшелерiнде мемлекеттiк рәмiздердiң атрибуттары бар «Zello» онлайн-жүргiзушiлер қауымдастығының автомобиль жарысы өткiзiлдi.

Iс-шараның соңында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының сарбаздары, «Серпiн» бағдарламасының қатысушылары және облыстағы жастар ұйымдарының өкiлдерi қатысқан «Жастар жаңғыруы» атты акциясы өттi. Акция аясында жастар Көкшетау қаласының маңындағы ормандарды тазалады.

04.06.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 76