Послание Президента РК  

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлердің құжаттары 1-ші қазанға дейін қабылданады

Облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысына ие болу үшiн үмiткер Ақмола облысының тұрғыны, күндiзгi оқу бөлiмiнде ақылы түрде бiлiм алуы тиiс, сондай-ақ келесi критерийлерге сәйкес келетiн студенттер конурсқа қатыса алады:

- облыстағы сұранысқа ие мамандықтарда оқитын;

- әлеуметтiк жағдайы төмен;

- жастар ұйымдарының мүшелерi мен белсендiлер;

- шығармашылық және мәдениет саласында жоғарғы жетiстiктерге қол жеткiзген (халықаралық шығармашылық конкурстарда жүлделi орындар және т.б.);

- әр түрлi спорт түрлерiнен жоғары нәтижелерге жеткен (Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен халықаралық чемпионаттарда жүлделi орындарға ие болған).

Шәкiртақысын тағайындауға қойылатын талаптар сайттың «Ақмола облысы әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы» бөлiмiнде танысуға болады.

Өтiнiмдер ағымдағы жылдың 1-шi қазанға дейiн Ақмола облысы жастар саясаты мәселелерi басқармасында мына мекен-жай бойынша қабылданады: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 114 «б», 108 кабинет.

Қосымша ақпарат бойынша мына телефонға хабарласа аласыздар: 25-74-82.

04.09.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 826