«Агрофаки» КВН командасы Ақмола облысының кубогын жеңіп алды

28 қарашада «Көкшетау» МС-да Ақмола облысының кубогы үшiн КВН фестивалi өттi. Iс-шараны Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы аясында «Алтын Өркен» бейбiтшiлiк және келiсiм қоры» қоғамдық қоры мен «Ақмола жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бiрлестiгi ұйымдастырды.

Фестивальге Ақмола облысынан және Петропавл, Қостанай, Темiртау, Омбы қалаларынан 10 команда қатысты.

Фестивальдiң жүргiзушiсi «Казахи» КВН құрама командасының мүшесi Ярослав Мелехин болды.

Ойын жарқын және қызықты болды. Командалар көрермендерге шаттық күлкi мен жақсы көңiл-күй сыйлады.

Фестивальдiң қорытындысы бойынша бiрiншi орынды Көкшетау қаласынан «Васаби» КВН командасы жеңiп алды, екiншi орынды Петропавл қаласынан «Seven Up» КВН командасы алды, ал үшiншi орынды «Жақсы ауданы мектептерiнiң құрамасы» КВН командасы иелендi.

Фестивальдiң үздiк актерi Арнұр Құрбанали («Журтики» Көкшетау тәуелсiз командасы), ал үздiк актрисасы — Дарина Жұржанова (Қостанай қаласының «Автодор құрамасы») болып танылды.

Бас жүлдеге, Ақмола облысының кубогына облыстың «Агрофаки» құрама КВН командасы ие болды.

29.11.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 605