Послание Президента РК  

Жыл сайынғы облыстық «JAS_AQMOLA» жастар жүлдесінің лауреаттары ақшалай сертификаттармен марапатталды

14 желтоқсанда Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiк күнiн мерекелеу қарсаныңда жыл сайынғы облыстық «JAS_AQMOLA» жастар жүлдесiн марапаттау рәсiмi өттi.

Жыл сайынғы облыстық «JAS_AQMOLA» жастар жүлдесiнiң мақсаты — жұмыс iстейтiн, студенттiк және оқитын жастарды Қазақстан Республикасындағы жастар қозғалысына ынталандыру және дамыту, белсендi және дарынды жастардың айрықша сiңiрген еңбегiн тану, сондай-ақ МЕҰ жастарымен бiрлесiп жұмыс iстеуiн қолдау, қоғамдық санада қазiргi заманғы табысты жас қазақстандық тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Облыстық жүлдесiн марапаттау рәсiмi барысында, Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Айна Мысырәлiмова өңiрдегi мемлекеттiк жастар саясатын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан жас ақмолалықтарға алғыс хаттарды табыстады.

Облыстық «JAS_AQMOLA» жастар жүлдесi 7 номинация бойынша тағайындалды. Олар: «Жыл жаңалығы», «Жылдың жастар ұйымы», «Жылдың шығармашылық ұжымы», «Ерлiк және батырлық», «Жыл студентi», «Жылдың ең үздiк жастар ресурстық орталығы» және «Жыл көшбасшысы».

«Жыл жаңалығы» номинациясының жүлдегерi болып «Жаңа Толқын» ерiктiлер қозғалысы атанды. 29 маусымнан 4 тамызға дейiн Ақмола облысының 105 ерiктiлерi «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесiн ұйымдастыруға қатысты. Iс-шара барысында ерiктiлер ЕХРО-да жүргiзiлген жұмыстарда және әртүрлi байқауларда жақсы нәтижелерге қол жеткiздi.

«Ерлiк және батырлық» номинациясы жүлдесiн Ақмола облысының IIД Арнайы жедел әрекет ету жасағының инспекторы, аға лейтенант Базарбаев Қайрат иелендi. 2017 жылы 27 наурызда Көкшетау қаласында эпилепсия талмасы ұстап қалған қызды құтқарып қалды.

«Жылдың жастар ұйымы» номинациясын «Ақмола жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бiрлестiгi алды. «Ақмола жастар КВН лигасы» ЖҚБ 2006 жылдан бастап жұмыс iстеп келедi. Осы кезеңде облыстың КВН қозғалысының өкiлдерi республикалық және халықаралық деңгейлерде маңызды нәтижелерге қол жеткiздi.

«Жылдың шығармашылық ұжымы» номинациясын Санкт-Петербургте өткен «Красные маки Победы-2017» Халықаралық өнер байқауының Гран-при иегерi, әртүрлi облыстық байқаулардың лауреаты «Полянка» үлгiлi би ансамблi алды.

«Жыл көшбасшысы» номинациясын республикалық және халықаралық ғылыми жобалар байқаулардың жүлдегерi, Көкшетау қ. Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң оқушысы Ысқақова Аида иелендi.

«Жылдың ең үздiк жастар ресурстық орталғы» номинациясын 2017 жылдың қорытындысы бойынша жастар саясаты саласында табысты көрсеткiштерге жеткен, Бурабай ауданының жастар ресурстық орталығы иелендi.

«Жыл студентi» номинациясын әртүрлi облыстық пен республикалық зияткерлiк және шығармашылық байқаулардың жүлдегерi, Көкшетау техникалық институтының курсанты Серiк Әдiлет иелендi.

Жүлде иегерлерi дипломдармен және 100 мың теңге көлемiндегi ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Iс-шара аясында «AKMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалар байқауы және «Жасыл ел» жастар және студенттiк еңбек жасақтарының XIII еңбек маусымының қорытындылары шығарылды.

15.12.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 151