Послание Президента РК  

«Есірткісіз әлем үшін!» есірткіге қарсы халықаралық акциясы

2017 жылдың 19 сәуірінде Көкшетау қаласының «Достар» МС Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) бастауымен «Есірткісіз әлем үшін!» есірткіге қарсы халықаралық акциясы өтті. Акцияны ұйымдастырушылары - Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Ақмола облысының ІІД Есірткі бизнесімен күресу басқармасы.

Акцияның негізгі мақсаты- балалар мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау.

ШЫҰ ұйымының басты міндеттері экономикалық  ынтымақтастықты, энергетикалық әріптестікті, ғылыми және мәдени өзара іс-қимылды , қатысушы мемлекеттердің тұрақтылық пен қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ есірткі трафигімен күрес жүргізу болып табылатыны белгілі. Үлкен күш есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған. Барлық әлемге өлім тарататын есірткі таратушылармен тәуілік бойын күрес жүргізетін, арнайы бөлімдер мен құрылымдар құрылған.  Студенттер мен мектеп оқушылары арасында есірткіні пайдаланудың қайтымсыз зардаптары туралы ауқымы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Іс-шарада жастарға нашақорлықтың зардаптары және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы айтқан  құқық қорғау органдарының өкілдері, педагогикалық қызметкерлер, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, спортшылар қатысты. Сонымен қатар,акцияға қатысушыларға нашақорлық тәуелділікті жеңе алған адамдар туралы бейнефильм көрсетілді.

Акция концерттік бағдарламамен аяқталды. 

20.04.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 752