Послание Президента РК  

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 1 қыркүйеккедейін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды

Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi үкiметтiк емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшiн мына бағыттар бойынша үмiткерлерге конкурс үргiзу туралы жариялайды:

1) бiлiм беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткiзу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмiр салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) демография проблемаларын шешу;

6) гендерлiк проблемаларды шешу;

7) халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарын қолдау;

8)жетiм балаларға, толық емес және көпбалалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау;

11) мәдениет пен өнердi дамыту;

12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

13) қоғамдық келiсiмдi және ұлттық бiрлiктi нығайту;

14) өздерiнiң есебiнде тұрған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету кезiнде пробация қызметiне жәрдемдесу;

15) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргiзу бойынша жүзеге асырылады.

Қатысуға Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген барлық үкiметтiк емес ұйымдарға рұқсат етiледi.

Сыйлықақыны алуға үкiметтiк емес ұйымдарды iлгерiлетудi үкiметтiк емес ұйымның өзi, басқа үкiметтiк емес ұйымдар мен мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

Бiр үкiметтiк емес ұйым сыйлықақыны алуға бiр номинациядан артық ұсын алмайды. Сыйлықақыны алуға бiр үкiметтiк емес ұйымдарды қатарынан үш жыл iшiнде қайта ұсынуға жол берiлмейдi.

Бiр номинация бойынша сыйлықақы бiр немесе бiр мезгiлде бiрнеше үмiткерге берiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлiнедi.

Сыйлықақыны алу үшiн өтiнiмдердi ұсынуға арналған тiзбе мыналарды:

1)өтiнiш (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрiншi басшы немесе оның мiндетiн атқаратын адам қол қойған, үкiметтiк емес ұйым қызметiнiң өзектiлiгi мен маңыздылығын сипаттайтын үкiметтiк емес ұйымның, мемлекеттiк органның ресми бланкiдегi, сондай-ақ А4 форматындағы екi парақтан көп емес құрылтай құжаттарының көшiрмелерi);

2)мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнiң (анықтаманың) көшiрмелерiн;

3)үкiметтiк емес ұйымның қызметi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойыншаәлеуметтiк мiндеттердi шешудегi үлесi туралы сипаттаманы (А4 форматындағы екi парақтан көп емес);

4)өтiнiм берген үкiметтiк емес ұйымның қызметi туралы қоғамдастық (үкiметтiк емес ұйымдар) өкiлдерiнiң ұсынымдарын (екiден кем емес);

5)марапат сертификаттар, дипломдар, алғыс (егер бар болса) көшiрмелерiн;

6)үкiметтiк емес ұйымныңбанк деректемелерiнқамтиды.

Сыйлықақыны алу үшiн үкiметтiк емес ұйымдарды ұсыну жөнiндегi өтiнiмдерДiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң Азаматтық қоғам комитетiне мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде қағаз және электронды жеткiзгiштерде (СD-дискiлерде не USB-флеш-жинақтағыштарында PDF-форматта) 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейiн келесi мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгiлiк Елдаңғылы 8(Орынбор көшесi 8), «Министрлiктер үйi» ғимаратының 15-кiреберiсiндегi 265-кабинет. Анықтама телефондары:+7 (7172)740511, 74 09 97.

08.08.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 291