Послание Президента РК  

Бурабай ауданының «Discovery Borovoe» сауықтыру орталығында «Ұланымыз Ұлы Елдің!» атты форумы өтті

«Балалар мен жасөспiрiмдер қозғалысын дамыту бойынша iс-шаралар жүргiзу» атты Ақмола облысы жастар саясаты мәселелерi басқармасының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында және де Ақмола облысы бiлiм басқармасының қолдауымен «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бiрыңғай балалар мен жасөспiрiмдер ұйымы» қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен Бурабай ауданының «Discovery Borovoe» сауықтыру орталығында ағымдағы жылдың 10-12 мамыр аралығында «Ұланымыз Ұлы Елдiң!» атты форумы өттi.

Форумның мақсаты — балалар мен жасөспiрiмдерде интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетiн, көшбасшылық бiлiктiлiктерiн, отансүйгiштiк сезiмдерiн дамыту, балалар қозғалысының өзектi мәселелерiн шешудегi бiрлескен әрекеттердi шоғырландыруға бағытталған өңiрлердегi балалар мен жасөспiрiмдер ұйымдарының өкiлдерi арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру.

Iс-шараға облысымыздың Ақкөл, Астрахан, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Еңбекшiлдер, Жақсы, Жарқайын, Зерендi, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары және Көкшетау қаласынан жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң оқушылары, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспiрiмдер ұйымының көшбасшылары және мүшелерi, тәлiмгерлер, аудандық және қалалық бiлiм бөлiмдерiнiң тәрбие бойынша әдiскерлерi, үкiметтiк емес ұйымдар, БАҚ өкiлдерi және шақырылған қонақтар, жасұландықтар — жалпы саны 120-дан астам адам қатысты.

Форум аясында келесi iс-шаралар өткiзiлдi: «Жас Ұлан» ұйымының жетiстiктерi мен алдағы таңдағы жоспары» атты тақырыпта дөңгелек үстел, аудандар мен қалалардағы «Жас Ұлан» хатшыларының есебi, «Көшбасшы қасиетiн дамыту» балалар мен жасөспiрiмдер қозғалысының көшбасшыларына және жасұландықтарға арналған тренинг, «Үздiк Ұланбасы — 2017» байқауы, «Адал ұрпақ –2017» ерiктi мектеп клубтарының облыстық слетi, «Мен жеңiмпаз!» атты көңiлдi спорттық жарыс және тағыда басқада қызықты шаралар өттi.

Форумның салтанатты жабылу және қатысушыларды марапаттау рәсiмiне Бурабай ауданының Мәдениет үйiнде «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Д.Бiржанов, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргiзу бойынша облыстық оқу-әдiстемелiк орталығының директоры Г.Қ.Мәдиева, Ақмола облысы «Жас Ұлан» бiрыңғай балалармен жасөспiрiмдер ұйымының төрағасы М.С.Закиров қатысты.

Форум барысында үздiк 10 оқушыны «Жас Ұлан» бiрыңғай балалар мен жасөспiрiмдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсiмi өттi. Рәсiм қабылданушылар ант қабылдап, «Жас Ұлан» ұйымының әнұранын айтумен аяқталды.

 

16.05.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 631