Послание Президента РК  

Көкшетауда қалалық жағажайында Халықаралық жастар күні мен құрылысшылардың кәсіби мерекесіне арналған «Open Air» шоуы өтті

Ағымдағы жылдың 11 тамызында Көкшетау қаласында бiрiншi рет Қопа көлiнiң жағалуында «Open Air» форматында шоуы өткiзiлдi. Аталған шара Халықаралық жастар күнi мен құрылысшылардың кәсiби мерекесiне арналды.

Бiрегей форматта өткiзiлген фестивальды тамашалуға мыңдаған көкшетаулық жиналды. Әртiстердiң жарқын өнер көрсетулерi, сүйiктi әндердi орындаулары сол күнi мыңдаған көкшетаулықтардың көңiл күйлерiн көтердi.

Жүргiзушiлер жастармен әр түрлi конкурстар өткiзiп, облыстың жастар саясаты мәселелерi басқамасының атынан сыйлықтар таратты.

Қала тұрғындарына сыйлық ретiнде танымал қазақ эстрадасының жұлдыздары «АЛАУ», «АЮМИ», «Vox Acapella» топтарының, «ZIRUZA» және Әли Оқаповтың музыкалық композициялары болды.

Атап өтейiк, эстрада жұлдыздарының Open Air фестивалiне келiп өнер көрсетуi аймақтағы құрылысшылар компанияларының кәсiби мерекеге орай қала тұрғындарына жасаған сыйы.

   

14.08.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 375