Послание Президента РК  

«YOUTH CAMP AKMOLA-2017» жазғы жастарды оқыту лагері

Ағымдағы жылдың 5-7 қыркүйек күндерi аралығында Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы мен «Life in bright colors» қоғамдық бiрлестiгi бiрлесiп, Ақмола облысы Бурабай ауданында орналасқан «Diskovery Borovoe» демалыс орталығында «YOUTH CAMP AKMOLA-2017» жазғы жастар оқыту лагерiн ұйымдастырды.

Лагерь жұмысына аудандар мен қалалардың жастар ресурстық орталықтарының басшылары, жастар ұйымдарының өкiлдерi мен белсендi жастар қатысты. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Басқарма төрағасы, «Рухани жаңғыру» басқару кеңсесiнiң «Атамекен» iшкi бағдарламасының бас менеджерi Нұрлан Өтешов, «Қазақстан жастарының Конгресi» ЗТҚ атқарушы директоры Айдын Сәбитов, «Жасыл ел» Республикалық штабының басшысы Тоқтар Болысов лагерь қонақтары болды.

Жастар лагерi аясында көшбасшылық қасиеттердi, шығармашылық потенциалды, ораторлық өнердi дамытуға бағытталған тренингтер, шеберлiк сабақтары өткiзiлдi. Оқыту iс-шараларын тәжiрибелi тренерлер Татьяна Чикишева (Көкшетау қ.), Рустам Әбiлдин (Қарағанды қ.) және Руслан Ескендiр (Астана қ.).

Лагерь жұмысы барысында қатысушылардың «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Басқарма төрағасы, «Рухани жаңғыру» басқару кеңсесiнiң «Атамекен» iшкi бағдарламасының бас менеджерi Нұрлан Өтешов пен аймақтық жобалық кеңсесiнiң қызметкерлерiмен кездесуi өттi. Ортақ диалог аясында жобалық менеджмент, жастарды ауылға тарту және басқа сұрақтар талқыланды.

«Қазақстан жастарының Конгресi» ЗТҚ атқарушы директоры Айдын Сәбитов пен «Жасыл ел» Республикалық штабының басшысы Тоқтар Болысов лагерь қатысушыларымен мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру туралы түрлi сұрақтар бойынша әңгiме өткiздi.

Iс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

11.09.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 279