Послание Президента РК  

Атауы: «AKMOLA POWER-2017» инновациялық идеялар мен жобалар облыстық байқауының қорытындылары шығарылды

22 қарашада «Көкшетау» МС-нда Ақмола облысының жастары, студенттерi және жас кәсiпкерлерi арасында «AKMOLA POWER-2017» инновациялық идеялар мен жобалар облыстық байқауы өттi.

Iс-шараның ұйымдастырушылары — Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы және «Kazakhstan Innovations» ҚҚ.

Аталмыш байқауды өткiзудiң мақсаттары — ақмолалықтардың шығармашылық, бiлiм және әлеуметтiк бастамаларын дамыту және қолдау, ғылыми-зерттеу жұмысына қатысуға ынталандыру, мемлекеттiң үдемелi индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттiк саясаттың басымдықтарын iске асыру мақсатында экономиканың түрлi салаларына инновациялық технологияларды әзiрлеу және енгiзу.

Ағымдағы жылы iс-шара Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық бағдарламасын қолдаумен өттi.

Iс-шараның қонақтары Ақмола облысының «Атамекен» АКП директоры Қ.А.Сұлтанов, Ақмола облысы бойынша «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АФ директоры С.Қ.Абишева, Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы Е.Ж.Жақсылықов, «Гормолзавод» ЖШС директоры А.Д.Жақсылықов, «Тыныс» АҚ бас директоры Қ.Ж.Қалманбаев және басқалары болды.

Байқауға қатысушылар бiлiм беру, ғылыми және инновациялық үрдiстердiң элементтерiмен ғылыми негiзделген идеялар мен жобаларды келесi номинациялар бойынша ұсынды: энергетика саласындағы инновациялар (баламалы энергия көздерi, энергия тиiмдiлiгi және т.б.); ақпараттық технологиялар саласында инновациялар; ауыл шаруашылығы саласындағы бастамалар; экология және табиғатты пайдалану саласындағы бастамалар.

Өткен жылмен салыстырғанда, өтiнiмдер саны екi есе өстi, бұл тамаша көрсеткiш. Ағымдағы жылы жастар 70-ке жуық жоба ұсынды, олардың 40-ы финалға өттi.

Байқаудың қорытындысы бойынша энергетика саласында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң студенттерi Қуанышев Алтынбек пен Айдарханова Мөлдiр бiрiншi орынды алды.

Ақпараттық технологиялар саласында Көкшетау техникалық институтының курсанты Серiк Әдiлет жеңiмпаз болды.

Ауыл шаруашылығы саласында бiрiншi орынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң студентi Голубцова Регина иелендi.

Экология және табиғатты пайдалану саласында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң студентi Байжолов Әсет жеңiмпаз атанды.

Байқау жеңiмпаздары бағалы сыйлықтармен, яғни телефондармен, планшеттермен және ноутбуктармен марапатталды.

23.11.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 177