«Халыққа қызмет – абыройлы міндет» Аймақтық мемлекеттік жас қызметшілер форумы

Көкшетау қаласында 28 қыркүйек күнi «Халыққа қызмет — абыройлы мiндет» Аймақтық мемлекеттiк жас қызметшiлер форумы бастау алды. Аталған iс-шара өткiзудiң мақсаты мемлекеттiк жас қызметшiлердiң әлеуметтiк және қоғамдық-маңызды бастамаларын қолдау мен ынталандыру болып табылады.

Форумға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң басшылығы, мемлекеттiк органдардың басшылары, Ақмола, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Астана қаласының мемлекеттiк жас қызметшiлерi қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 150 адамнан астамды құрады.

Күннiң бiрiншi жартысында үш алаң аясында секциялық сабақтар өттi:

1.«Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк». Модератор — М.С. Елубаев, Абай Мырзахметов ат. Көкшетау университетiнiң ректоры.

2.«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Модератор — С.Б. Бөрiбаева, Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы.

3. «10 нақты қадам» Ұлт жоспарын мемлекеттiк қызметтiң жаңа үлгiсi бойынша iске асыру. Модератор- Б.М. Беспалинов, мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша Департаментiнiң басшысы.

Сондай-ақ секциялардың жұмысының барысында психологиялық тренингтер өткiзiлдi, әр аймақтан келген қатысушылардың сөз сөйлеп өз ойларымен бөлiсе алатын мүмкiндiктерi болды.

Күннiң екiншi жартысында форумның салтанатты ашылу рәсiмi өткiзiлдi. Форум қатысушылар алдында Ақмола облысының әкiмi М.К. Мырзалин, ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi аппаратының басшысы С.Қ. Ахметжанов, Степногорск қ. әкiмi, «Болашақ» бағдарламасының түлегi А.Қ. Күмпекеев, мемлекеттiк қызметтiң ардагерi М.Қ.Құлмағанбетов, «Жiгер» мемлекеттiк жас қызметшiлер клубының президентi Д.А.Серғазина сөз сөйледi. Өз сөздерiнде спикерлер мемлекеттiк қызмет жүйесiндегi өз жұмыс тәжiрибелерiмен бөлiсiп, форум қатысушыларына мемлекеттiк қызметтi табысты өту бойынша ұсынымдар мен кеңестер бердi, ал олар өз кезегiнде өздерiн қызықтырған сұрақтарды қойды.

29 қыркүйек күнi аймақтық форум қатысушылары үшiн «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бурабай ауданының географиялық киелi жерлерi бойынша экскурсия ұйымдастырылады.

29.09.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 666