18 – 20 сәуір күндері Көкшетау қаласында шағын калибрлі қарудан оқ ату бойынша ашық қалалық турнир өтті

18 — 20 сәуiр күндерi Көкшетау қаласында 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс күнiнiң 73 жылдығына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылғанына 26 жыл толуына және «Отан» РҚБ 21 жылдығына орайластырылған шағын калибрлi қарудан оқ ату бойынша ашық қалалық турнир өттi.

Турнирге жалпы қатысушылар саны 196 адам болатын 49 команда қатысты.

Турнир 3 категория бойынша өткiзiлдi:

1- категория– жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушылары арасында;

2- категория– әскери-патриоттық клубтар арасында;

3- категория–колледждер, лицейлер және гимназиялар арасында.

 

23.04.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 207