Послание Президента РК  

Ақмола облысының «Агрофаки» КВН құрама командасы «На Волге FEST» жазғы музыкалық фестивалінің Үлкен кубогың жеңіп алды

Ағымдағы жылдың 26-30 тамыз аралығында Ресей Федерациясы Саратов облысының Энгельс қаласында КВН командаларының «На Волге FEST» жазғы музыкалық фестивалi өттi. Фестивальға 10 КВН командасы қатысқан болатын. Олардың қатарында 9-ы Ресей қалаларынан (Самара, Саратов, Пенза, Ярославль, Энгельс және т.б.) мен Ақмола облысының «Агрофаки» құрама командасы бар. Бiздiң команда бұл фестивальға Жастар саясаты мәселелерi басқармасының қолдауымен бiрiншi рет қатысты.

Редакторлар мен әдiл-қазылар алқасының құрамында атақты КВН ойыншылары Ренат Мухамбаев («Камызяки», Астрахан облысы) пен Дмитрий Колчин ( «Сок», Самара) болды. Жалпы 6 кубок ойналтылды. Олардың iшiнде 3 үлкен және 3 кiшкентай. Кубоктар түстерiне қарай жасыл, көк және қызыл болып бөлiндi. Олардың iшiнде ең маңыздысы — қызыл түстi.

Өнер көрсету қорытындылары бойынша, облыстық КВН құрама командасы «Үлкен қызыл кубокты» иелендi.

 

04.09.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 127