Послание Президента РК  

Жақсы ауданы мектептерінің құрама командасы Ақмола КВН лигасының чемпионы атанды

20 желтоқсан күнi «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола КВН лигасының ақтық сайысы өткiзiлдi. Iс-шараны «Ақмола жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бiрлестiгi Ақмола облысы жастар саясаты мәселелерi басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.

2017 жылдың ақтық ойын маусымында 5 КВН командалары өз өнерiн көрсеттi:

1.«Сборная Карагандинского государственного индустриального университета» (Темiртау қ.)

2. «Жақсы ауданы мектептерiнiң құрама командасы»

3.«Амигос» (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi)

4.«Мальчишник» (Көкшетау қ. № 14 ОМ)

5.«Истанбул Башакшехир» (Көкшетау қ.).

Командалар төрт конкурс бойынша өнер көрсеттi: «Сәлемдесу», «Аралас ширату», «Капитандар конкурсы» және «Музыкалық үй тапсырмасы».

Барлық ұжымдар қызықты, көңiлдi де жарқын ойын көрсеттi.

Ойын қорытындысы бойынша, 3-шi орынды «Истанбул Башакшехир» КВН командасы, 2-шi орынды «Мальчишник» КВН командасы иелендi, ал лиганың чемпионы Жақсы ауданы мектептерiнiң құрама командасы атанды.

  

21.12.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 137