Послание Президента РК  

Көкшетауда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара

Ағымдағы жылдың 4 маусымында Көкшетау қ. «Тәуелсiздiк» алаңында Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен ҚР Мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына арналған салтанатты iс-шара өткiзiлдi.

Iс-шара барысында Нұрлан Жаңбыршыұлы барлық ақмолалықтарды бұл мерекемен құттықтады. Кейiн Ақмола облысы әкiмiнiң атынан қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру мен мемлекеттiктi нығайтуға үлес қосқан азаматтарды мадақтау қағаздарымен марапау рәсiмi өткiзiлдi.

Сондай-ақ iс-шара барысында Көкшетау қ. мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспiрiмдердiң бiрлескен ұйымы» Республикалық қоғамдық ұйымының қатарына қосу рәсiмi өттi. Салтанатты iс-шара Ақмола облысының «Жасыл ел» жастар мен студенттердiң еңбек жасағының еңбек маусымының ашылуымен жалғасты. Аймақ басшысы орынбасарының алдында облыстық жастар мен студенттердiң еңбек жасағы штабының жауынгерi Бекжан Әнуарбек жасақтар дайындығы туралы баянат оқыды, содан кейiн Нұрлан Нұркенов жауынгерге «Жасыл ел» символдық ағашын табыстады.

Одан кейiн облыс әкiмiнiң орынбасары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын Көкшетау қ. Автоәуесқойлар қауымдастығының өкiлi Қанат Үмбетовтiң қолына тапсырып автожарысқа бастау бердi.

Iс-шара «EXPO-2017» Халықаралық мамандырылған көрмесiнiң облыстық ерiктiлер штабының «Тәуелсiздiк» алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туымен шерулеп өтуiмен аяқталды.

05.06.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 374