Ақмола облысында «Жаңа толқын» жастар қоғамдық бірлестігі құрылды

Ағымдағы жылдың 31 қазанында Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасының конференц-залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Жаңа толқын» жастар қоғамдық бiрлестiгiнiң салтанатты тұсаукесерi өттi.

Жаңа жастар ұйымын құру идеясы Астана қаласында «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесiне Ақмола облысы ерiктiлерiнiң қатысуымен пайда болды. Осылай, қысқа уақыт iшiнде ерiктiлердiң ортақ күшiмен бұл идея iске асты.

Iс-шара аясында «Жаңа толқын» ЖҚБ төрағасы Жайнагүл Қаппасова қатысушыларға ұйымның жұмыс iстеу бағыттарымен таныстырды. Бұл ерiктiлер қызметiнiң дамуы, «Ақ ниет — iзгiлiк шуағын төгейiк» бағдарламасын жүзеге асыруы, жастардың шығармашылық әлеуетiн дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау, балалар мен мүмкiндiгi шектеулi жастарға қолдау көрсету, отбасылық құндылықтарды және дәстүрлi мәдениеттi насихаттау, патриотизмдi тәрбиелеу, жастардың бiлiм беру, интеллектуалды және кәсiби деңгейiн жоғарылату. Сонымен қатар, жастар ұйымының белсендiлерi қатысушыларға болашақ жұмыс жоспарлары туралы айтып бердi.

Iс-шараға ерiктiлер, жастар ұйымдарының өкiлдерi, жоғары оқу орындарының студенттерi қатысты.

Тұсаукесердiң соңында, жастар ұйымының қатарына қосылуға ниет бiлдiрген қатысушылар жазылу мүмкiндiктерiне ие болды. 

01.11.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 620