Послание Президента РК  

Қазақстанда алғашқы түркі жастар лагері ашылды

2017 жылдың 11 шiлдесiнде Ақмола облысының Зерендi ауданында Қазақстан Республикасының Дiн iстерi және азаматтық қоғам Министiрлiгiнiң, «Жас Отан» Жастар қанатыны мен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен Түрiк кеңесi халықаралық жазғы лагерiнiң салтанатты ашылуы өттi.

Лагерьдiң негiзгi мақсаты-Түркi елдерiнiң жастары арасында мәдени аралық диалогты қалыптастыру,жастар саясаты саласында үздiк тәжiрибелер мен инновациялармен алмасу.

Лагерь жұмысына Түркия,Қырғыстан,Әзiрбайжаннанкелгенделегаттарқатысты, тәжiрибелi бiлiктi тренерлер мен жастар саясаты саласындағы мамандар,олар жастар саясатының инновациялық идеяларын жүзеге асыру сұрақтары мен Түрiк кеңесi халықтарында және басқа iске асырылатын тиiмдi жобаларды талқылады.

Құттықтау сөзбен Қазақстан Республикасының Дiн iстерi және азаматтық қоғам Министiрлiгiнiңвице-министрi Абзал Нукенов шықты,ол қатысушыларды халықаралық лагерьдiң ашылуымен құттықтады,сондай-ақ жастардың келешек елдi қалыптастырудағы маңыздылығын атап өттi.Абзал Нукенов айта кеттi «ұлттық рухани жаңару жобалары жастармен жұмыс iстеудiң жаңа әдiстерiн қалыптастыруға және ынтымақтастыққа мүмкiндiк бередi».

«Қазақстан Түрiк кеңесiне қатысушы халықтардың мәдени аралық диалогын жақсарту бойынша бастамалардың белсендi қолдайды.Осыған орай,жас азаматтардың басқа адамдардың этникалық және дiни ерекшелiктерiне төзiмдiлiк көрсетулерi керек.Жастардың бейбiтшiлiк пен келiсiмдi орнатуда қызығушылықтарының болуы өте маңызды»- атап өттi А.Нукенов.

«Жас Отан» ЖҚ Төрағасы Данияр Сүндетбаев өз сөзiнде қатысушыларға мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласындағы көрсетiлген негiзгi басым бағыттарды түсiндiрдi және Түрiк кеңесi елдерi жастарының ұлттық құндылықтарды,тарихты,салт-дәстүр мен мәдени ескерткiштердi жаңартудағы серiктестiгiнiң маңыздылығын атады.

Iс-шара барысында диалогтық алаңдар мен тренингтер ұйымдастырылды.Асқар Құмыран Түрiк кеңесiне қатысушы елдердiң бейбiт бастамалары туралы баяндап бердi,Асхат Садырбай жастардың өмiрiндегi әлеуметтiк жүйелердiң рөлi туралы докладпен шықты.

Жұмалық лагерь аясында әр түрлi iс-шараларды өткiзу жоспарланған,оның iшiнде кездесулер,экскурсиялар, тренингтер,мәдени ағартушылық, жаппай спорттық iс-шаралар,сондай-ақ Халықаралық мамандырылған «EXPO-2017»көрмесiне бару.

Есiңiзге саламыз,лагерь Ақмола облысы Зерендi ауданының Зерендi ауылындағы демалыс орталығында 10-16 шiлде аралығында өтедi.

11.07.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 424