Послание Президента РК  

Көкшетауда нашақорлыққа қарсы «Жастар есірткіге қарсы!» акциясы өтті

Ағымдағы жылдың 25 маусымында Көкшетау қ. «Тәуелсiздiк» алаңында «Жастар есiрткiге қарсы!» есiрткiге қарсы акция Халықаралық нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес күнi аясында өткiзiлдi.

Акцияның мақсаттары — жастарда психикалық белсендi заттарды тұтынуға терiс қарым-қатынасты дамыту,салауатты және қауiпсiз өмiр салтын дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығына ұқыпты қарау.

Iс-шара басында Ақмола облысы IIД Есiрткi бизнесiмен күресу басқармасының бастығы Бауржан Дәукенов және Ақмола облыстық наркологиялық оңалту орталығының бас дәрiгерi Серiк Әшiмов сөз сөйледi.

Одан кейiн iс-шара аясында «Жайдарман» Жазғы кубогы» фестивалi өттi. Фестиваль «Бiз есiрткiге қарсымыз!» тақырыбында өткiзiлдi. Фестивальға Көкшетау мен Қостанай қалаларының 6 үздiк командалары қатысты. Өнер көрсету қорытындылары бойынша 1 орынды «Парламент» командасы жеңiп алды, 2 орын өз туған қалалары Қостанайдың намысын қорғаған «КС» командасы иелендi, 3 орын Көкшетау қ. Бiржан сал атындағы колледжiнiң «Күле сал» командасына бұйырды.

Содан кейiн акция «No dope. Go dancing» хип-хоп фестивалiмен жалғасты. Фестивальға Көкшетау мен Ақмола облысының үздiк хип-хоп бишiлерi қатысты. Қатысушылар бес номинация бойынша сайысқа түстi: «Битбокс», «Брейкинг», «Dub-step», «Хип-Хоп», «Show-time».

Сондай-ақ iс-шара аясында «Фотосушка» және үздiк есiрткiге қарсы ұран интернет-конкурсының қорытындылары айтылған болатын.

Акция қорытындысы «Open air» стилiндегi кешкi бағдарлама болды. Кешкi бағдарлама аясында өткiзiлген конкурс жеңiмпаздарын мадақтама мен бағалы сыйлықтармен марапаттау өткiзiлдi.

26.06.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 424