Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасында жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша қоғамдық тыңдалымдар өтті

Көкшетау қаласында 10 қарашада жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қолдау мәселелерi бойынша қоғамдық тыңдалым өттi. Iс-шараға Солтүстiк Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының өкiлдерi қатысты. Олардың қатарында мемлекеттiк қызметшiлер, ҮЕҰ және бизнес өкiлдерi, қоғамдық кеңестiң мүшелерi, мәслихат депутаттары, мемлекеттiк бағдарламалар мен жобаларға қатысушылар болды.

ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантының аясында «Қазақстан жастарының конгресi» ЗТБ Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасының қолдауымен iс-шараны ұйымдастырды.

Қоғамдық тыңдалымдарды өткiзудiң мақсаты — мемлекеттiк бағдарламалардың проблемалық аспектiлерiн анықтау және ұсыныстарды әзiрлеу.

Iс-шараның басында алғы сөз сөйлегендер: Қазақстан жастар конгресiнiң атқарушы директоры Айдын Сәбитов, ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Жастар саясаты департаментi ведомствоаралық үйлестiру басқармасының басшысы Мақсат Мажитов, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасының басшысы Ринат Галлямов.

Бұдан қоғамдық тыңдалымдардың қатысушылары «Серпiн — 2050» бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020: Жастар тәжiрибесi», «Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы», «Дипломмен ауылға» жобасы, «Бизнестiң жол картасы-2020» блоктары бойынша сөз сөйледi.

Спикерлер сөз сөйлегеннен кейiн қатысушылар әр түрлi мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды және мемлекеттiк бағдарламалардың орындалуын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын бiлдiрдi.

Мысалы, қатысушылар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үйге кезекке қою үшiн құжаттарды жинау уақытын қысқартуға ұсыныс жасады.

«Қазiргi заманда жастарға дәстүрлi емес дiни үрдiстер, iшiмдiк, есiрткi және т.б. көптеген азғырулар әсер етуi мүмкiн. Мұндай бағдарламалар жатарға алдына мақсат қоюға, өзiн-өзi жоғалтпауға, елдiң лайықты азаматы болуына мүмкiндiк бередi. Сондықтан БАҚ-нан және әлеуметтiк желiлерiнен жақсы ақпараттық қолдау қажет»- қоғамдық тыңдалым қатысушыларының бiрi өз пiкiрiн бiлдiрдi.

Тыңдалымдардың ұйымдастырушыларының айтуынша, iс-шара барысында ұсынылған ұсыныстар мен ескертулер негiзiнде жастар саясаты саласындағы мемлекеттiк бағдарламалар мен жобаларды жетiлдiру бойынша бiрқатар ұсыныстар жасалып, олар ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiне тапсырылады.

13.11.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 572