Послание Президента РК  

Көкшетауда әскерге шақырушыларды әскери қызметке салтанатты атандыру рәсімі өткізілді

Ағымдағы жылдың 5 мамырында Көкшетау қ. «Достар» МС «Әскерге шақырылушы күнi» ұлтжандылық акциясы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң 25 жылдығын мерекелеу аясында әскерге шақырушыларды әскери қызметке салтанатты атандыру рәсiмi өткiзiлдi.

Iс-шараны Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы мен Ақмола облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi Департаментi ұйымдастырды.

Салтанатты iс-шараға әскерге шақырушылар, олардың ата-аналары, ҚР Қарулы Күштерiнiң ардагерлерi, ауған-жауынгерлерi, орта мектептердiң оқушылары, ТжКББ ұйымдары мен ЖОО-ның студенттерi қатысты.

Қатысушылар алдында Ақмола облысының қорғаныс iстерi департаментiнiң полковнигi Ж.М. Ережепов, Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасының басшысы Р.Ф.Галлямов, Ақмола облысының қарулы күштерiнiң ардагерлер Кеңесiнiң төрағасы М.Б. Елеусiзов, Ақмола облысының ауған соғысының ардагерлерi Одағының төрағасы Д.К.Ыбырай, сонымен қатар әскерге шақырушы А.Ж.Уәли мен ата-аналардың атынан С.Б.Бекбаева сөз сөйлейдi.

Iс-шара аясында 40 әскерге шақырылушыға Ақмола облысы әкiмдiгiнiң атынан өсиеттi сыйлық альбомдары тапсырылды.Сондай-ақ әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушiлерiне «Намыс» облыстық әскери-қолданбалы спорт түрлерiнен спартакиаданың атаулы береттерi сыйға тартылды.

Акция барысында ағымдағы жылдың 12-14 сәуiрi күндерi аралығында облыстық орталықта өткен оқ атудан ашық қалалық турнир жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмi өткiзiлдi.

Iс-шара концерттiк бағдарламамен аяқталды.

     

10.05.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 501