20 сәуірде Ақмола облыстық орыс драма театрының концерт залында шұғыл әскери қызметін өтеуге шақырылған ақмолалықтарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы Ақмола облысының Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiмен бiрлесе отырып, «Әскерге шақырылушылар күнi» жастар патриоттық акциясын өткiздi.

20 сәуiрде Ақмола облыстық орыс драма театрының концерт залында шұғыл әскери қызметiн өтеуге шақырылған ақмолалықтарды салтанатты шығарып салу рәсiмi өттi.

Концерт залына болашақ сарбаздардың достары мен ата-аналары жиналды, әскерге шақырылушыларды құттықтап, жылы лебiздерiн бiлдiрдi. Сондай-ақ, әскерге шықырылушыларға арналған альбом сыйлықтарын тарту еттi.

24.04.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 327