Послание Президента РК  

Қызмет

«Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы» мемлекеттiк мекеме қызметiнiң негiзгi мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшiн қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттiк мекеменiң негiзгi мiндеттерi:

1) жастар бастамаларын ақпараттық-әдiстемелiк, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау;

2) жастар ортасында ахуалға мониторинг және талдауды жүзеге асыру болып табылады.

Мемлекеттiк мекеме жүктелген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн келесi функцияларды жүзеге асырады:

1) жастарға арналған мемлекеттiк әлеуметтiк бағдарламалардың iске асырылуына ақпараттық қолдауды қамтамасыз етедi;

2) жастар және жастар ұйымдары үшiн әдiстемелiк материалдар жинағын, бiлiм беру және басқарушылық технологияларын, семинарлар және вебинарлар материалдарын, анықтамалық ақпараттарды құрастырады.

3) жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, консалтингтiк, әдiстемелiк көмектер көрсетедi;

4) жастар арасында жұмысқа орналасуға ықпал ету, кәсiптiк бағдар беру, волонтерлiк қозғалысты және кәсiпкерлiктi белсендiру бойынша жұмыстар жүргiзедi;

5) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың жұмысына белсене қатысады;

6) жастар арасында туындаған мәселелердi талқылау үшiн жастар саясаты саласындағы бастамаларды iске асыруға арналған диалогтық алаңдар құрады және ұсынады;

7) жастар жобалары мен жастар бастамаларын сүйемелдеудi және қолдауды, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық өзiн-өзi iске асырушылық және өзiн-өзi ұйымдастырушылық әлеуеттерiн жандандандыруды жүзеге асырады;

8) жергiлiктi атқарушы органдар ұсынатын өкiлеттiк аясында өңiрлiк және республикалық жастар форумын өткiзуге қатысады;

9) жастардың қажеттiлiктерi мен проблемалары бойынша олардың басымдықтарын анықтайтын ақпараттар жинауға қатысады;

10) жастармен жұмыс жасайтын жастар ұйымдарының қызметiн зерделейтiн, жастардың өзiн–өзi басқару, партиялардың жанындағы жастар қозғалысын, этномәдени орталықтарды, өңiрдегi құқық қорғау және дiни ұйымдардың, жастар арасындағы түрдiстер мен ағымдарды анықтайтын ақпарат жинауға қатысады;

11) өңiрдегi, аудан және ауылдағы жастар арасындағы ахуалды зерделеу бойынша талдамалық жұмыстарға қатысады;

12) өңiр аумағындағы жастар саясатының даму түрдiсiн және жастар арасындағы тәуекелдi болжайтын әлеуметтiк зерттеулерге қатысады;

13) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жүйелiк шаралар, ұсынымдарды, жобаларды әзiрлеуге қатысады және зерделейдi;

14) жастардың бос уақытын дамытуға көмек көрсету бойынша белсендi жұмыстар жүргiзедi;

15) өз құзыретi шегiнде жастар және жастар ұйымдары үшiн, мүдделi ұйымдар мен тұлғаларға өз қызметтерi туралы ақпараттарды ұсынады.

Мақаланың шыққан күні: 19.01.2017 15:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.01.2017 15:20
Қаралым саны: 446