Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша есеп

Ақмола облысында мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру

Облыста 14 -тен 29 жасқа дейiнгi 152,5 мың адам тұрады, бұл жалпы аймақ халқы санынан 21% құрайды.

Ауылдық жастар — 82,7 мың адам (54,2%), қалалық- 69,8 мың адам (45,8 %).

Экономикалық белсендi жастар — 87,8 мың адам, экономикалық белсенсiз- 39,9 мың адам. Ресми түрде жұмыссыз болып тiркелген жастар саны — 571 адам.

2017 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша, жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,3% құрады, бұл республикадағы деңгейден 0,7% төмен.

Аймақ жастары облыстың 4 жоғары және 39 техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алады.

2017 жылдың 3 тоқсаны бойынша NEET жастар үлесi (оқымайтын, жұмыс iстемейтiн және бiлiктiлiгiн жоғарылатпаған) 7,7% құрды, бұл республикадағы деңгейден 0,5 % төмен.

2017 жылғы қаржыландыру көлемi 469,8 млн.теңгенi құрады.

Облыста 20 жастар ресурстық орталықтары жұмыс iстейдi (1- облыстық деңгейдегi және 19 — облыстың аудандары мен қалаларында). Орталықтардың қызметкерлерiнiң жалпы штаттағы саны 119 адамды құрайды.

Барлық деңгейде әкiмдiктер жаңында жастар iстерi жөнiндегi Кеңес қызмет атқарады (20 Кеңес).

Облыста 65 жастар ұйымдары тiркелген, олардың iшiнде ең белсендiлерi — 45 ҮЕҰ. Ұйымдардың көп бөлiгi облыстық бюджеттен қаржыландырылады. 2017 жылы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде 63,5 млн.теңге соммасына 23 жоба жүзеге асырылды.

Дарынды жастарды, әлеуметтiк қорғалмаған топқа жататын жастарды, облыста кадр тапшылығын құрайтын мамандықтарға тарту үшiн облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы тағайындалған. 2017 жылы шәкiртақы алушылар саны 277 адамға дейiн жеттi. Кадр тапшылығын құрайтын мамандықтар бойынша оқитын шәкiртақы алушылар келiсiм шартқа отырғызылады, соған сәйкес оқуды аяқтағаннан кейiн олар таратумен облыста 3 жыл жұмыс атқарулары тиiс. 2017 жылы атаулы шәкiртақыны тағайындауға 102,0 млн. теңге бөлiндi.

2017 жылдың басынан, «Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша қатысушылар саны 6469 жастар өкiлi болды, оның iшiнде 3919 ауылдық жерлерден. Әлеуметтiк жұмыс орындарына 151 адам жiберiлдi, жастар iс-тәжiрибесiне — 630 адам. Ағымдағы жылдың басынан, еңбекпен қамту органдарымен жастар арасынан 5666 жас адам жұмыспен қамтылды, оның iшiнде ауылдық жерлерден 2785 адам.

Халықты жұмыспен қамту, ауылдық жерлерге кадрлар әлеуетiнiң тоғысуына жағдайын жасау мақсатында облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы iске асырылуда. 2017 жылдың 1 желтоқсан күнiне қарай 346 адам 55,1 млн.теңге сомасында жәрдемақы алды, оның iшiнде бiлiм беру саласындағы мамандардан — 269 адам; денсаулық сақтау саласында — 47 адам; әлеуметтiк қамтамасыз ету саласында — 3; мәдениет саласында — 13 адам; спорт саласында — 6; агроөнеркәсiп кешенiнде — 8 адам.

329 адам 1,066 млрд.теңге сомасында бюджеттiк кредит алды, оның iшiнде бiлiм беру саласындағы мамандардан 239 адам, денсаулық сақтау саласында — 65 адам; мәдениет саласында — 14 адам, спорт саласында — 5; әлеуметтiк қамтамасыз ету саласында — 1 адам, агроөнеркәсiп кешенiнде — 5 адам.

Мақаланың шыққан күні: 19.01.2017 11:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2017 16:39
Қаралым саны: 1516