Послание Президента РК  

Ережесі

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 9 қазандағы
№ А-10/462
қаулысымен бекiтiлген

Ақмола обылсы әкiмдiгi жанындағы
Жастар саясаты жөнiндегi кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын, Ақмола облысы әкiмдiгi жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес (бұдан әрi — Кеңес) әкiмдiк жанындағы консультативтiк-кеңесшi ұйым болып табылады.

Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiн, мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.

Кеңес облыстық әкiмдiк жанында құрылып, мемлекеттiк жастар саясатын жетiлдiру және ведомствоаралық қарым-қатынасты тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында өз қызметiн жүзеге асырады.

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:

1) мемлекеттiк жастар саясатын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

2) мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттарын орындау нәтижелерiн талдау;

3) мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарын iске асыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейiн қалыптастыру;

5) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруға қатысты басқа да мәселелердi талқылау

Кеңестiң функциясы

Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн мынадай функцияларды iске асырады:

1) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру мәселелерi бойынша нормативтi құқықтық актiлер жобаларын қарастырады және талқылайды;

2) мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру мәселелерiн талқылауға мемлекеттiк органдардың, әлеуметтiк, үкiметтiк емес ұйымдар, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн жұмылдырады;

3) мемлекеттiк жастар саясаты саласында халықаралық қатынасты дамытуға жәрдем етедi;

4) мемлекеттiк жастар саясатын iске асырудың барысы туралы жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдайды.

Кеңес құрылымы

Кеңес құрамы Кеңес төрағасынан, орынбасарынан, хатшысы мен мүшелерiнен тұрады.

Кеңес төрағасы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi болып табылады, олар:

1) Осы Үлгiлiк ереже негiзiнде Кеңестiң ережесiн бекiтедi, сондай-ақ кажеттiлiгiне қарай мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде 30% жастар мекемелерiнiң өкiлдерiн қоса құрамын қалыптастырады;

2) Кеңестiң мәжiлiстерiн уақыты мен мерзiмiн белгiлеп, кезектi және кезектен тыс отырыстарын шақырады және оған төрағалық етедi;

3) Кеңес мүшелерiнiң жалпы санынан кем дегенде үштен екi бөлiгiнiң талабымен Кеңестiң кезектен тыс отырыстарын шақырып, оған төрағалық етедi;

4) Кеңес жұмысын жоспарлайды және жалпы басқаруды жүзеге асырады;

5) Кеңес мүшелерiнiң арасындағы мiндеттер мен жұмыс бағыттарын үйлестiредi;

6) Кеңестiң жұмыс жоспары мен Кеңес отырысының күн тәртiбiн бекiтедi.

Төраға болмаған жағдайда оның қызметiн орынбасары орындайды.

Кеңес хатшысы:

1) Кеңестiң жұмыс жоспарының жобасын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;

2) Кеңес отырыстарындағы күн тәртiбiнiң жобасын қалыптастырады;

3) Кеңес отырысына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешiмдер жобаларын дайындауды ұйымдастырады;

4) Кеңес мүшелерiне Кеңестiң кезектi отырысының орны, өткiзiлетiн уақыты және күн тәртiбi туралы хабарлайды, оларды уақытында қажеттi материалдармен қамтамасыз етедi;

5) Кеңес мүшелерiнен отырыстың күн тәртiбiне қатысты ұсыныстарын қабылдайды және оларды төрағаның қарауына шығарады;

6) хаттамалық тапсырмалар шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады, әрбiр кейiнгi отырыстарда Кеңес мүшелерiне өткендегi қабылданған шешiмдердiң орындалу барысы жөнiнде хабарлайды.

Хатшы Кеңес мүшесi болып табылмайды.

Кеңес құрамы:

1) Кеңес мүшелерi жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдар, жастар ұйымдары, сондай-ақ, кеңестiң ұсынуымен басқа да;

2) Кеңестiң сандық құрамы тақ болуы тиiс.

Кеңестiң жұмыс органы Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы болып табылады.

Жұмыс органы:

1) Кеңес жұмысының жалпы ұйымдастырылуын жүзеге асырады;

2) Кеңес жұмысын ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi;

3) Кеңестiң өткiзген мәжiлiстерiн талдауды, көтерiлген мәселелердi, мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру бойынша қабылданған шешiмдердi, ақпаратты өңдеудi, жинауды iске асырады, бұл саладағы жұмысты дамыту бойынша ұсыныстарды әзiрлейдi;

4) сараптамалық топтардың жұмысын қамтамасыз етедi;

5) Кеңестiң құзырына жататын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен хат алысып тұрады;

6) Кеңестiң жұмысын көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты байланысты жүзеге асырады;

Жарты жылда бiр рет жұмыс органы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне қабылданған шешiмдердiң орындалуы бойынша жинақталған талдамалық ақпаратты жiбередi.

Кеңес жұмысын ұйымдастыру

Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай, сондай-ақ Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi бөлiгiнiң бастамасымен, бiрақ жарты жылда бiр реттен сиретпей өткiзiледi және Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi бөлiгi қатысқан кезде өкiлеттi болып есептеледi;

Отырыс мерзiмiн, өткiзу уақытын, күн тәртiбiн Кеңес мүшелерiнiң ұсыныстарын есепке ала отырып Кеңес төрағасы анықтайды;

Кезектi отырыстың күн тәртiбi Кеңес мүшелерiне отырыс жұмысының басталуына дейiн 5 күн бұрын жiберiледi;

Кеңес отырысына қатысушылар Кеңес мүшелерiнiң басым дауыстарымен шешiм қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайында төрағаның дауысы шешушi болып табылады;

Кеңес шешiмдерi отырысқа қатысушы барлық Кеңес мүшелерi қол қойған хаттамамен ресiмделедi;

Кеңес шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие.

Кеңес қызметiн тоқтатудың тәртiбi

Кеңес қызметi облыстық әкiмнiң шешiмi бойынша тоқтатылады.

Кеңес қызметiн қамтамасыз ету

Кеңестiң қызметiн ұйымдастырушылық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз ету, ооның iшiнде интернет-ресурсында жариялау Кеңестiң жұмысшы органына жүктеледi.

Мақаланың шыққан күні: 21.01.2017 14:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.01.2017 14:33
Қаралым саны: 182