Послание Президента РК  

Басқарманың ережесі

. Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 6 қыркүйегiнде
№ А-10/432 қаулысымен
бекiтiлген

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнде осы Ереженiң қосымшасында көрсетiлген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекеме өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы. Абай көшесi, 114Б.

Мемлекеттiк органның толық атауы: «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

Осы Ереже «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн каржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүзеге асырылады.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттемелерi

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы — облыста мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру.

Мiндеттерi:

1) жастар саясаты саласында жобалардың және бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

2) жастарды елдiң әлеуметтiк–экономикалық дамуына белсендi қатыстыру және дамуына жағдай жасау;

3) облыс жастарының азаматтық белсендiлiгiн, деңгейiн көтеру, қазақстандық отансүйгiштiктiң, рухани, зияткерлiк және дене дамыуының деңгейiн жоғарлату.

Функциялары:

1) мемлекеттiк жастар саясатын iске асырады;

2) өзектi проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттiк жастар саясатын iске асырудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн мониторинг жүргiзудi және жастардың қажеттiлiктерiн бағалауды қамтамасыз етедi;

3) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын iске асыруды қамтамасыз етедi, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингiн ұйымдастырады;

4) жастардың волонтерлiк қызметiн және жастардың өзiн-өзi басқаруын дамытуға жәрдемдеседi;

5) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметiн қамтамасыз етедi және үйлестiредi;

6) өңiрлiк жастар форумын өткiзудi қамтамасыз етедi;

7) қазақстандық патриотизмдi, конфессияаралық келiсiм мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнiнде шаралар қолданады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Құқықтары мен мiндеттемелерi:

1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру және iске асыру саласында консультациялар мен iс-қимылдарды үйлестiру үшiн жастар ұйымдарын олардың келiсiмiмен тарту;

2) мемлекеттiк органдардан және лаузымды түлғалардан, меншiк түрiне қарамастан өзге ұйымдардан өз функцияларын орындауға кажеттi ақпаратты сұрату;

3) жастар саясаты саласында бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлiк функцияларын жүзеге асыру;

4) жастар саясаты мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастыру-әдiстемелiк, ақпараттық және өзге де көмек көрсету.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнбасқаруды Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындаулына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысын Ақмола облысының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiгi:

1) «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiңжұмысын ұйымдастырады және басқарады.

2) Заңға сәйкес «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн, ведомствоға бағынысты мекемелердiң басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн және ведомствоға бағынысты бiлiм беру ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

4) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда басқарманың мүддесiн қорғайды;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшiн дербес жауапкершiлiк алады.

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы жоқ кезеңде оның өкiлеттiлiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға атқарады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiңзаңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнебекiтiлген мүлiк областық коммуналдық мүлiкке жатады.

Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнқайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы
ережеге қосымша

Басқарманың қарамағындағы мемлекеттiк ұйымдарының тiзбесi:

«Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

Мақаланың шыққан күні: 19.01.2017 09:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.01.2017 10:20
Қаралым саны: 425