Басшылық

Тимур Маратұлы Ысқақов, 1987 жылы туылған, 2 жоғарғы бiлiмi бар: қаржы бакалавры, информатика бакалавры.

Еңбек қызметiн 2007 жылы Көкшетау қаласы бiлiм бөлiмi жанындағы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК мемлекеттiк тiлдегi КВН үйiрмесiнiң басшысынан бастады.

2011 жылғы тамыздан «Көкшетау қаласының Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжi» МКҚК жастар комитетiнiң төрағасы болды.

2014 жылғы 6 қаңтардан 2018 жылғы 6 наурызды қоса алған мерзiмiне дейiн Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасының «Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы лауазымын атқарды.

2018 жылғы наурыз айында Ақмола облысы әкiмiнiң өкiмiмен Ақмола облысы жастар саясаты мәселелерi басқармасы басшысының мiндетiн уақытша атқару үшiн жұмысқа қабылданды.

Мақаланың шыққан күні: 19.01.2017 09:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.03.2018 16:58
Қаралым саны: 3514