Послание Президента РК  

Облыс ЖОО студенттермен тақырыптық кездесулер өтті

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейiн қалыптастыру, олардың құқықтық сауаттылығын жоғарылату мақсатында Ақмола облысы жастар саясаты мәселелерi басқармасы ҚР Мемлекеттiк iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiмен бiрлесiп 22 сәуiр — 5 мамыр аралығында облыс ЖОО студенттерiмен бiрқатар кездесу ұйымдастырылды. Кездесулерге жастар саясаты мәселелерi басқармасы басшысы Байманов Шахмардан Асқарұлы, Департамент басшысының орынбасары — Тәртiптiк кеңес төрағасы Жапаков Қуаныш Асылбекұлы, ЖОО және БАҚ өкiлдерi қатысты.

Сонымен қатар, кезесулер барысында келесi тақырыптарда дәрiстер өттi: «Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы әрекеттiң басым бағыцттары», «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы», «Мемлекеттiк қызметтi өтудегi жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру», «Жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру», «Қоғамдық бақылаудың құқықтық негiзi және жемқорлыққа қарсы әрекеттiң негiзгi ұстанымдары».

Осыдан басқа, анонимдi сауалнама өткiзiлiп, жемқорлыққа қарсы бағытталған бүктемелер таратылды.

Жастардың жалпы қамтылуы — 750-ден астам студент.

    

 

Мақаланың шыққан күні: 27.01.2017 11:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.01.2017 11:31
Қаралым саны: 384