Послание Президента РК  

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақыларын тағайындау шарттары

«Бекiтiлдi»:
Ақмола облысы әкiмiнiң атаулы
шәкiртақысын тағайындау
жөнiндегi комиссияның
2017 жылғы 28 тамыздағы
хаттамасымен


Ақмола облысы әкiмiнiң атаулы шәкiртақыларын тағайындау
шарттары

1.Жалпы ережелер

1. Осы шарттар Ақмола облысы әкiмiнiң ақшалай төлемдерiн (атаулы шәкiртақыларын) (бұдан әрi — атаулы шәкiртақылар) тағайындау үшiн Қазақстан Республикасы жоғары бiлiм беру ұйымдарында меншiк нысанына қарамастан ақылы негiзде оқитын студенттердi таңдау тәртiбiн анықтайды.

2. Облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақыларын тағайындау үшiн таңдау Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» 2007 жылғы 9 ақпандағы, «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарына, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Негiзгi мiндеттер

3. Облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақыларын тағайындаудың негiзгi мiндеттерi мен мақсаттары:

1) Ақмола облысының жастарының қолжетiмдi және сапалы бiлiм алуын, ғылыми-техникалық әлеуетiнiң дамуы үшiн жағдай жасау;

2) жастардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтенуiне жағдай жасау;

3) жастарды Ақмола облысында кадрлық тапшылықты құрайтын мамандықтарға тарту;

4) белсендi азаматтық жайғасымы бар жастарды, талантты және дарынды жастар өкiлдерiн қолдау.

3. Облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақыларын тағайындау үшiн
үмiткерлердi таңдаудың тәртiбi

4. Облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақыларын тағайындау үшiн меншiк нысанына қарамастан жоғары бiлiм беру ұйымдарында ақылы негiзде оқитын студенттердi таңдауды Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанында құрылатын комиссия (бұдан әрi — Комиссия) iске асырады.

«Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi комиссияның жұмыс органы болып табылады (бұдан әрi — бағдарлама әкiмшiсi).

5. Қазақстан Республикасының азаматы болатын, Ақмола облысында тұратын, жоғары бiлiм беру ұйымдарында меншiк нысанына қарамастан күндiзгi оқыту нысаны бойынша ақылы негiзде оқитын студенттерге берiледi.

келесi санатқа жататын студенттерге облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы берiледi:

1) Ақмола облысының кадр тапшылығын құрайтын мамандықтар бойынша оқитын студенттер (1 қосымшасына сәйкес).

Бұнымен қатар шәкiртақыны алудың басымдылық құқығына келесi критерийге сәйкес келетiн студенттер ие болады:

 — оқуда үлгерiмiнiң жоғарғы көрсеткiшiнiң болуы;

 — ғылым саласында жоғарғы жетiстiктерi болуы (халықаралық ғылыми конкурстарда, конференцияларда, т.б. жүлделi орын алған);

2) Халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын оқу үлгерiмi жоғары және жақсы көрсеткiштерi бар студенттер:

-көп балалы отбасы;

-жетiм немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған;

-1 және 2 -топтағы мүгедектер;

-отбасындағы ата-ананың бiреуi немесе екеуiнiң 1- топтағы мүгедек болуы;

-мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызметтi атқарған кезде, адам өмiрiн құтқарған кезде, құқықтық тәртiптi қорғау кезiнде қаза тапқан тұлғалардың отбасы;

-толық емес отбасысы;

 — жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлiк, азық-түлiк қоржынының шегiне жеткен, атаулы әлеуметтiк көмек, 18 жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк балалар жәрдемақысын алушы болып табылатын отбасы.

3) Жастар ұйымдарының мүшелерi мен белсендiлерi болып табылатын, жоғары және орташа оқу үлгерiмдегi студенттер.

4) Жоғары жетiстiктерi бар студенттер:

- мәдениет және өнер саласында жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзген (халықаралық шығармашылық конкурстарда, сайыстарда, т.б. жүлделi орын алған);

-түрлi спорт түрлерiнде (ҚР немесе халықаралық чемпионаттарда олимпиадалық спорт түрлерi немесе халықаралық чемпионаттарда олимпиадалық емес спорт түрлерiнен жүлделi орындарды иеленгендер);

6. Үмiткерлердi iрiктеу комиссиямен келесi құжаттардың негiзiнде Комиссия жүзеге асырады:

үмiткердiң Шарттардың 2 қосымшасына сәйкес өтiнiш;

тұрақты мекен — жай бойынша тiркелудi растайтын құжат көшiрмесi;

ЖОО-ның бiрiншi басшысының қолымен және жоғарғы оқу орнының мөрiмен куәландырылған студенттiң ЖОО-да оқыған барлық кезеңдегi транскриптiнiң түпнұсқасы немесе жалпы орта бiлiмi туралы аттестаттың, немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi (1 курста оқитын студенттер үшiн);

үмiткердiң оқу төлемақысының төленгендiгi туралы келiсiм шарттың көшiрмесi;

үмiткердiң облыстың қоғамдық өмiрiне белсендi қатысатындығын растайтын куәлiктерiнiң, алғыс хаттарының, мақтау қағаздарының, сертификаттарының көшiрмелерi (бар болған жағдайда);

халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын үмiткерлер үмiткердiң (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататындығын растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қосымша бередi;

жастар ұйымдарының белсендiлерi болып табылатын үмiткерлер қосымша ұйым атынан өтiнiш ұсынады;

үмiткердiң жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

карта-шоты туралы анықтаманың көшiрмесi.

7. Ақмола облысының атаулы шәкiртақысын алу үшiн қажеттi құжаттар үмiткермен «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» ММ 108- кабинетiне ұсынылады. Өтiнiш тек толық құжаттар пакетi болған жағдайда қабылданады.

8. Тапсырылған құжаттарды жан-жақты талдаудан кейiн комиссия үмiткерлердi iрiктейдi.

Облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысын тағайындау туралы шешiм хаттама түрiнде рәсiмделедi, онда облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы берiлетiн талапкерлердiң есiмдерi және әр үмiткерге (бұдан әрi –шәкiртақы алушыларға) төленетiн шәкiртақының мөлшерi мiндеттi түрде көрсетiлуi тиiс.

Ақмола облысында кадр тапшылығын құрайтын мамандықтар бойынша оқитын студенттерге атаулы шәкiртақы тағайыңдалғаннан кейiн атаулы шәкiртақы иегерiмен, әкiмшiмен және әлеуметтi жұмыс берушiмен келiсiм шартқа отыру қарастырылған.

9. Бағдарлама әкiмшiсi облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы тағайындалғаннан кейiн шәкiртақы алушылар оқитын жоғары оқу орындарына тиiстi ақпаратты жолдайды,сонымен қатар «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» ММ ресми сайтында Ақмола облысы әкiмiнiң атаулы шәкiртақысын тағайындау отырысының хаттамасын жариялайды (zhastar.akmo.gov.kz).

10. Оқу жылы аяқталғаннан кейiн шәкiртақы алушы бағдарлама әкiмшiсiне күндiзгi оқу туралы анықтамасын, өткен оқу жылы туралы транскриптiң түпнұсқасын ұсынуы қажет.

11. Комиссия облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысын керi қайтарып алу туралы шешiмдi мына жағдайларда қабылдайды:

1) шәкiртақы алушы сырттай оқу нысанына ауысқанда;

2) шәкiртақы алушы басқа мамандыққа ауысқанда (Ақмола облысының кадр тапшылығын құрайтын мамандықтары бойынша оқитын шәкiртақы алушылар үшiн ғана);

3) «әлеуметтiк осал топқа жататын» және «жастар ұйымдарының белсендiлерi» санаты бойынша шәкiртақы алған шәкiртақы алушыларда «қанағаттанарлық» немесе «қанағатсызданарлық» бағалары болғанда;

4) кадр тапшылығын құрайтын мамандықтар бойынша оқитын шәкiртақы алушыларда (медициналық және теологиялық мамандықтардан басқа) оқу жылының қорытындысы бойынша бағалардың жалпы санынан 20 % «қанағаттанарлық» немесе «қанағатсызданарлық» бағалары болғанда;

5) «түрлi спорт түрлерiнен жоғары жетiстiктерге жеткен» және «мәдениет пен өнер саласында жоғарғы жетiстiктерге жеткен» санаттары бойынша шәкiртақы алған шәкiртақы алушыларда «қанағатсызданарлық» бағалары болғанда;

6) шәкiртақы алушымен, минималды ауыстыру балының мөлшерiн ала алмаған жағдайда қайта оқу курсын өткенде (медициналық және теологиялық мамандықтар бойынша оқитын шәкiртақы алушылардан басқа). Медициналық және теологиялық мамандықтар бойынша оқитын шәкiртақы алушылар үшiн курсты қайта оқыған кезеңде шәкiртақы төлеу тоқтатылады және келесi оқу курсына ауысқанан кейiн ғана қайта жалғастырылады;

7) спорттық нәтижесi төмендегенде немесе спорттық мансабы аяқталғанда («түрлi спорт түрлерiнен жоғары жетiстiктерге жеткен» санаты бойынша өткен шәкiртақы алушылар үшiн);

8) шәкiртақы алушы академиялық демалысқа шыққан жағдайда (Ақмола облысының кадр тапшылығын құрайтын мамандықтар бойынша оқитын шәкiртақы алушылардан басқа). Ақмола облысының кадр тапшылығын құрайтын мамандықтар бойынша оқитын шәкiртақы алушылар үшiн академиялық демалыс уақытында шәкiртақы төлеу тоқтатылады және оқу басталғаннан кейiн қайта жалғастырылады;

9) студент мемлекеттiк бiлiм беру гранты бойынша оқуға немесе басқа тегiн оқу түрiне ауыстырылған жағдайда (Ақмола облысының кадр тапшылығын құрайтын мамандықтар бойынша оқитын студенттерден басқасы);

10) оқудан шығаралғанда.

Ақмола облысының кадр тапшылығын құрайтын мамандықтар бойынша оқитын, шәкiртақы алушылардан шәкiртақыны керi қайтару жағдайында, шәкiртақы алушы бағдарлама әкiмшiсiне оны оқытуға жiберiлген барлық шығындарды өтеуге мiндеттеледi.

12. Бағдарлама әкiмшiсi стипендияны керi қайтарған жағдайда шәкiртақы алушы оқитын жоғары оқу орындарының назарына шәкiртақыны керi қайтару туралы комиссияның хаттамасымен таныстырады, сонымен қатар хаттаманы «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» ММ ресми сайтына жариялайды (zhastar.akmo.gov.kz).

4. Облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысын тағайындау

13. Облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақылары осы Шарттар сақталған жағдайда ғана тағайындалған сәттен бастап оқудың барлық кезеңiне стипендиаттың оқуы аяқталғанға дейiн берiледi және әр оқу жылына транштармен төленедi.

14. Ақмола облысы әкiмiнiң атаулы шәкiртақыларын тағайындау жөнiндегi комиссияның хаттамалық шешiмiнiң негiзiнде бағдарлама әкiмшiсiмен студенттiң карт-шотына аударылатын тиiстi ақшалай төлемдер төленедi.

Ақмола облысы әкiмiнiң атаулы
шәкiртақыларын тағайындау шарттарына
1-қосымша

Ақмола облысының кадр тапшылығын құрайтын
мамандықтар тiзiмi

Техникалық мамандықтар

1.Құрылыс

Ауылшаруашылық мамандықтар

2. Агрономия

3. Аграрлық техника және технологиялар

4. Мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру технологиясы

5. Мал дәрiгерлiк медицина

Педагогикалық мамандықтар

6.Математика, физика, история, география, химия, биология, информатика, ағылшын, орыс, қазақ тiлi мұғалiмi

7.Педагогика и психология

8.Педагогика и бастауыш бiлiм беру әдiстемесi

Медициналық мамандықтар

9.Жалпы медицина (педиатр, психиатр — нарколог, терапевт, жалпы практика дәрiгерi, анестезиолог — реаниматолог, акушер-гинеколог, невропатолог, дерматовенеролог, хирург, неонатолог, офтальмолог, оториноларинголог, онколог, эндокринолог, фтизиатр, кардиолог, маммолог, жедел жәрдем дәрiгерi, пульмонолог, гастроэнтеролог, аллерголог, гематолог, ревматолог, рентгенолог-дәрiгер, эпидемиолог)

10. Стоматология

Басқа

11.Журналистика

12. Теологиялық мамандықтар


Ақмола облысы әкiмiнiң атаулы
шәкiртақыларын тағайындау шарттарына
2-қосымша


Ақмола облысы әкiмiнiң атаулы
шәкiртақыларын тағайындауға үмiткердiң
САУАЛНАМАСЫ

1 Аты-жөні:
2 Туған күні мен жері:
3 Тұрғылықты жері(үйінің мекенжайы):
4 Байланыс мәліметтері(үй және ұялы телефондары, e-mail):
5 ЖОО, факультет, мамандық, қай тілде оқиды:
6 Атаулы шәкіртақы тағайындауға негіз (Шарттарға сәйкес):
(қоса беріліп отырған растаушы құжатты көрсете отырып)
7 Жетістіктерінің тізімі:
Мақаланың шыққан күні: 28.09.2017 11:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.09.2017 11:59
Қаралым саны: 1077