Көкшетауда оқу орындары студенттерінің арасында «жастар жемқорлыққа қарсы» конкурсы өтті

18 қарашада «Бiрiншi жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» Республикалық қоғамдық бiрлестiгi Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасының қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнде жоғарғы оқу орындары мен колледждерi студенттерiнiң арасында « Жастар жемқолыққа қарсы» конкурсы өткiзiлдi.

Iс-шараның негiзгi мақсаты — жемқорлыққа қарсы мәдениеттi тәрбиелеу, азаматтық белсендiлiктi жоғарлату, қоғамдық ойды жемқолық пен қылмысқа керi қатынасқа қарай қалыптастыру.

Аталған конкурста облыстың 4 оқу орнының командалары қатысты:

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi, «Зияткер» командасы.

А. Мырзахмет атындағы Көкшетау университетi, «Ынта» командасы.

Көкшетау жоғарғы медициналық колледжi, «Заң мен тәртiп» командасы.

Көкшетау қ. Жоғарғы колледжi, «Жаңа ұрпақ» командасы.

Конкурс нәтижесi бойынша 1 орынды «Заң мен тәртiп» командасы жеңiп алды, 2 орынды «Зияткер» командасы иеленсе 3 орын «Ынта» командасына бұйырды.

  

Мақаланың шыққан күні: 27.01.2017 11:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.09.2018 10:02
Қаралым саны: 2011