«Ақмола жастары – тәуелсіздік толқынында!» жастар ақпараттық-насихаттау тобының шығуы

Ағымдағы жылдың 12 шiлдесiнен Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына орай, «Ақмола жастары — Тәуелсiздiк толқынында!» атты жастардың ақпараттық-насихаттау тобының шығуы басталды (ары қарай — ЖАНТ). ЖАНТ шығуларының ұйымдастырушы болып Ақмола облысы жастар саясаты мәселелерi басқармасының жанындағы Жастар ресурстық орталығы болды.

Ақпараттық-насихаттау тобының жұмыс мақсаты — облыс жастарын мемлекеттiк саясат бағыттарын жүзеге асыру туралы ақпараттандыру. Сонымен қатар, жастарды Ақмола облысында мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асырылуы, жастар ортасында дәстүрлi емес дiни ағымдардың таралуына қоғам болып қарсы тұру, жемқорлыққа қарсы күрес, жастар ортасында ақпараттық қауiпсiздiк, әлеуметтiк желiлерде аймақ жұмыстары туралы және т.б. сұрақтарды қарастыруға жоспарланады.

Жастардың ақпараттық-насихаттау топтары құрамына облыстық жастар ресурстық орталығының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрлiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң мамандары, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының, Ақмола облысы бойынша «Кәсiпкерлiктi дамыту қоры «Даму» РҚ АҚ өкiлдерi, Ақмола облысы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының кызметкерлерi, Ақмола облысы Жайдарман және КВН құрама командасының қатысушылары кiрдi.

Бiрiншi күнi ЖАНТ Бурабай ауданына, екiншi күнi Еңбекшiлдер ауданында кездесу өткiзiлдi. Ары қарай, шiлде-тамыз айларында жастардың ақпараттық насихаттау топтары 15 аудан мен Степногорск қаласына бармақшы.

Аймақтарда ЖАНТ-ның бiр күндiк iс-шара бiрнеше алаңдардан тұрады:

жастардың жергiлiктi рухани және Конфессияаралық талдау және дамыту орталықтарының өкiлдерiмен кездесу;

жастардың қалалық/аудандық әкiмдiктердiң құзыреттi мемлекеттiк қызметкерлермен кездесу;

әлеуметтiк желiлерде мәселелердi талқылау бойынша Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ақпараттық-талдау бөлiмiнiң басшысымен кездесу;

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының өкiлiмен кездесу;

ШОБ қолдау мен 2020 жылға дейiн аймақтық дамыту бағдарламасы бойынша презентация;

қала/аудан басшылығы, ЖАНТ қатысушылары, жастар белсендiлерiнiң қатысуымен бiрлескен отырыс;

Ақмола облысы Жайдарман және КВН құрама командалары, жергiлiктi эстрада орындаушылары мен би ұжымдарының қатысуымен концерттiк бағдарлама.

  

Мақаланың шыққан күні: 27.01.2017 11:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.09.2018 10:08
Қаралым саны: 1848